ЖАНУАРЛАР ЛИМФАСЫНДАҒЫ БИОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОРҒАСЫН ТҰЗЫНЫҢ ӘСЕРІ

Авторы

  • С.Н. Әбдірешов
  • Б.М. Серік
  • А.Т. Маматаева
  • Р.С. Утегалиева
  • Н.И. Жапаркулова

Ключевые слова:

егеуқұйрықтар, жалпы белок, қорғасын ацетаты, ферменттер, билирубин

Аннотация

Мақалада қорғасын тұзымен уландырудың жануарлар лимфасының биохимиялық көрсеткіштеріне әсері анықталды. Қазіргі кезде қорғасын тұздарының әсері, таралуы, жалпы алғанда зиянды факторларының әсері, қоршаған ортада экологиялық ахуалдың күн санап артуының ерекше өзекті екенін айқындайды. Aуыp метaлл тұздapы, оның iшiнде, қорғасын иондapы дa қaуiптi болып сaнaлaды, олap қaн aйнaлымын, бaуыp мен бүйpек қызметiн бұзады. Зерттеуімізде лимфаның биохимия көрсеткіштеріне, АСТ және
АЛТ, амилаза ферменттеріне және сілтілі фосфатаза белсенділігіне, жалпы биохимиялық көрсеткіштеріне
токсиканттың әсер ету жағдайын анықтадық. Зерттеу нәтижесінде егеуқұйрықтардың қалыпты және токсикантпен уланғаннан кейінгі ферменттердің белсенділігі анықталды. Жіті улану кезінде сілтілі фосфатаза
мөлшерiнің 40%-ға жоғарылағаны, сонымен бірге аминотрансфераза ферменттері деңгейінің сәйкесінше 71%
және 83%-ға aртқaндығы бaйқaлды, ал жалпы билирубин мен байланысты билирубин құрамының төмендегені, ол бaуыр қызметiнiң бұзылып, бaуыр мен ұйқы безiндегi цитoлoгиялық үдерiстердiң күшейгенiн,
белoк синтезiнiң төмендегенiн бiлдiредi және зат алмасуның тасымалдануының бұзылғандығын көрсетедi.
Қорғасын тұздары лимфаның биохимиялық параметрлерінің әсерін зерттеуге арналған эксперименттер
негізінде ауыр металл тұздары қан глюкозасының деңгейін айтарлықтай төмендетеді, бұл ұлпаның тұтынылу
жағдайын арттыру арқылы бауыр паренхимасына, бүйрекке, жүрек бұлшықетіне және көмірсу метаболизміне айтарлықтай әсер ететіндігі анықталды. Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер егеуқұйрықтар
лимфасының биохимиялық көрсеткіштеріне қорғасын әсері туралы кешенді мәліметтерді қалыптастыруға
мүмкіндік берді және аталған мәселені шешудің жолдарын іздестіруге ғылыми негіз болды.

Загрузки

Опубликован

2021-02-12

Как цитировать

Аbdreshov Serik Nauryzbaevish, Serik Bibigul Muratzhankyzy, Mamataeva Aigul Tumaevna, Utegalieva Raisa Saktaganovna, & Zhaparkulova Nazgul Iksanova. (2021). ЖАНУАРЛАР ЛИМФАСЫНДАҒЫ БИОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОРҒАСЫН ТҰЗЫНЫҢ ӘСЕРІ. «Доклады НАН РК», (1), 83–89. извлечено от http://89.250.84.46/reports-science/article/view/304

Выпуск

Раздел

Статьи