ОҢТҮСТІК–ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН АГРОЛАНДШАФТАРЫНДАҒЫ БАРЫЛДАУЫҚ ҚОҢЫЗДАРДЫҢ (COLEOPTERA, CARABIDAE) ТАКСОНДЫҚ ҚҰРАМЫ
Ключевые слова:
барылдауық қоңыз, Carabidae, агроландшафт, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, таксондық құрам.Аннотация
2019-2020 жылдары жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша Оңтүстік-Шығыс Қазақстан
агроландшафттарындағы барылдауық қоңыздың (Carabidae) 18 туысына жататын 29 түрі анықталды.
Бұлардың ішінде түр құрамы жағынан басым туыстар – Harpalus (5 түр, 17%), Poecilus (3 түр, 11%), қалған
16 туыстан 1-2 түрден ғана белгілі болды. Мақалада барылдауық қоңыз агроценоздарында тіршілік ететін
мекені, қоректік байланыстары мен агроценозға тигізетін әсері, практикалық маңызы көрсетілді. Зерттеу
нәтижесінде табылған түрлер қоректік байланысына қарай келесідей 3 топқа бөлінді: өсімдікқоректі,
араласқоректі және жыртқыштар. Өсімдікқоректілер – Acupalpus elegans Dejean, 1829, Zabrus
tenebrioides Goeze, 1777. Араласқоректілер – Amara aenea (DeGeer, 1774), Amara similata Gyllenhal, 1810,
Calathus halensis (Schaller, 1783), Harpalus smaragdinus (Duftschmied, 1812), Harpalus affinis Schrank, 1781,
Harpalus anxius Duftscmid, 1812, Harpalus distinguendus (Duftschmid, 1812), Harpalus rufipes (De Geer, 1774),
Poecilus sericeus sericeus Fischer von Waldheim, 1824, Poecilus versicolor (Sturm, 1824), Poecilus cupreus
(Linnaeus, 1758). Жыртқыштар – Anchomenus dorsalis (Pontoppidan, 1763), Brachinus crepitans Linnaeus, 1758,
Brachinus ejaculans Fischer-Waldheim, 1828, Carabus cicatricosus Fischer von Waldheim, 1842, Carabus
nemoralis Müller, 1764, Calosoma auropunctatum (Herbst, 1784), Calosoma denticolle Gebler, 1833, Chlaenius
spoliatus Rossi, 1790, Cymindis picta Pallas, 1771, Elaphrus cupreus Duftschmid, 1812, Elaphrus riparius
(Linnaeus, 1758), Microlestes minutulus Goeze, 1777, Lebia cruxminor Linnaeus, 1758, Loricera pilicornis
(Fabricius, 1775), Notiophilus aquaticus Linnaeus, 1758, Pterostichus niger (Schaller, 1783). Өсімдікқоректілерге
2 түр (8%), араласқоректілерге 11 түр (48%), жыртқыштарға 16 түр (44%) жатады.