ЖҰМСАҚ БИДАЙ СОРТТАРЫНАН АЛЫНҒАН МУТАНТТЫ ЛИНИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ТИПІНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Ключевые слова:
бидай,сорт, мутант, өзгергіштік, линия.Аннотация
Дәндi дaқылдың iшiндe aдaмзaттың нeгiзгi aзығы peтiндe жәнe eлiмiздiң экoнoмикacын
жeтiлдipудe бидaй epeкшe opын aлaды. Ceлeкцияның нeгiзгi мiндeтi – Қaзaқcтaнның түpлi тaбиғи климaттық
aймaқтapының қoлaйcыз cыpтқы opтa жaғдaйынa тұpaқты, бaғaлы бeлгiлepдiң бipлecтiгiнeн тұpaтын құнды
бидaй copттapын шығapу. Будaндacтыpу үpдiciндe мутaнтты қoлдaнудың бoлaшaғы әлeмдiк жәнe oтaндық
ceлeкция жeтicтiктepiнeн көpiнeдi. Химиялық қосылыстардың түрлі ертіндісінің өсімдікке әсері алғашқы
күннен-ақ бидай өскінінде байқалды. Хлорлы кадмий мен хлорлы цинктің белгілі бір 0,01% ертіндісімен
өңделген тұқымның алғашқы өскінінің өсуі, клетканың бөліну белсенділігі мен хромосомалардың құрылымдық бұзылыстары Казахстанская 3, Шағала, Жеңіс және Лютесценс 32 сортындағы өзгергіш негізінде
көрінді.
Бидайдың құрғақ дәнін хлорлы кадмийдің 0,1% концентрациясымен өңдегенде өскіннің өсу жағдайын
летальды жағдайға әкелсе, 0,01% өскіннің өсуін 4 күнге тежеді, ал 0,001% ертіндісінде бақылау дәнінің өсу
қарқынымен бірдей болды. Керісінше, хлорлы цинктің 0,1% тік ерітіндісі өскінді 1 аптаға, 0,01% үш күнге
тежеді.
Зерттелген концентрация ішінде хлорлы кадмийдің 0,01% ертіндісі өскіннің өсу үдерісін тежеп, клетка
бөлінуінде хромосомалық аберрация және морфологиялық өзгергіштіктер туғызды. Сондықтан, кадмий
тұзының 0,01% концентрациясы бидайдағы өзгергіштік шегін кеңейту үшін, оптимальды концентрация
ретінде алынды.
Осыған байланысты зерттеуімізде хлорлы кадмийдің 0,01% ерітіндісі бидайда өзгергіштік шегін
кеңейтетін тиімді концентрация екендігі анықталды. Осы мөлшердегі ертіндінің әсері өсімдікте морфологиялық өзгеріске (сабақтың түптенуі, масақтың ұзаруы, бас масақтағы дән саны мен салмағының, 1000 дән
салмағының жоғарлауы т.б.) түсіріп, өзгерген белгілер М1 - М4 тұқымы бойынша тұрақты түрде тұқым
қуалады. Казахстанская 3 және Шағала сорттарына кадмий тұзының 0,01 пайыздық ерітіндісінің әсерінен
құнды селекциялық белігілерімен ерекшеленетін Л1, Л2 және Л3 мутантты линиялар алынды. Осы өзгерген
линиялардың даму типіне генетикалық талдау жүргізіліп, нәтижесінде Шағала сортынан өзгерген ұзын
(16 см), тығыз масақты (0,80) өсімдікті бақылау сортының (0,50) призма тәрізді өсімдігімен будандастыру
нәтижесінде оның жаздық типі (vrn генінен) күздік типіне (Vrn геніне) ауысқаны анықталды. Зерттеу
нәтижесінде Қазақстан 3, Қазақстан мутант 3 сорттары Vrn 1, Vrn 3 гендерінен тұрады. Ал Шағала сорты
Vrnl, Vrn2 генінен тұратындығы анықталды. Vrn1, Vrn3 генінен тұратын сорттар жылдам пісетінін көрсетеді.
Алайда олардың бір-бірінен масақтану кезеңі бойынша өзгешелігі болды.