УЛЬТРАДЫБЫС ЖАҒДАЙЫНДА 4-АМИНОБЕНЗОЙ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ТУЫНДЫСЫН СИНТЕЗДЕУ
Ключевые слова:
ультрадыбыс, п-аминобензойной қышқылының этил эфирі, малеин ангидриді, циклденуАннотация
Қысқаша хабарламада 3-[(4-этоксикарбонил)фенилкарбамойл]-2-пропен қышқылынан этил
4-(2,5-диоксо-2,5-дигидро-1Н-пирролил)бензоатты ультрадыбыстық белсендендіруді пайдалана отырып, оны
одан әрі циклдендіру кезінде, фуран циклін ашу сатысы арқылы синтездеу мүмкіндігі қарастырылған.
Бастапқы реагенттер ретінде п-аминобензой қышқылының этил эфирі және малеин ангидриді қолданылды.
Реакция бастапқы реагенттердің эквимольдік қатынасында бірқалыпты жүреді. Ультрадыбыстық қондырғы
ретінде 22 кГц жиіліктегі және магнитострикциялық түрлендіргіші бар ультрадыбыстық генератормен
жабдықталған ИЛ-10 ультрадыбыстық құрылғы қолданылды. Ультрадыбысты қолдану химиялық процесті
қарқынды жүргізуге, реакция жылдамдығын арттыруға және соңғы өнімнің шығымдылығын арттыруға
мүмкіндік береді. Алынған қосылыстың құрылымы мен құрамы ИҚ- және ЯМР 1
Н спектроскопиясы арқылы
расталды