ДІНИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУЫ

Авторы

  • Е.Б. Нүсіпбаев Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан
  • Б.М. Манабаев Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан
  • М. Исахан Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Ключевые слова:

кибер діндарлық, кибер дін, оффлайн, онлайн, ақпараттық қоғам, виртуалды қоғам, казнет, рунет, синодал, маргинал, діни насихат, уағызшы, уақыт кеңістігі, діни норма.

Аннотация

Мақалада діндерді интернет ресурстарын қолдану арқылы насихаттаудың тиімділігі қарас-тырылған. Бүгінгі таңда интернет ресурстарын, соның ішінде веб-сайттарды дінді насихаттауға қолдану кең таралған. Жұмыста виртуалды ақпараттық қоғамда діни қатынастарды реттеуде веб-сайттардың қызметі мен рөлі туралы сөз қозғалған.
Жаһандану заманында бүкіл әлем кішкентай бір ауыл іспетті болып қалды. Әлемнің осылай өзгеріп, ақпараттық қоғамға айналуына әсер еткен интернет ресурстары деп түйіндеуге болады. Өйткені интернет желісі арқылы әлемнің кез-келген жерінде болып жатқан жаңалықтан бір мезетте хабардар болу мүмкіндігі бар. Осылайша интернет желісі адамзат өмірімен тығыз байланыс жасап, күнделікті тіршіліктің ажырамас бір бөлігіне айналды. Қазіргі таңда интернет желісіне кіре алмаған адам құдды бір ен далада жалғыз қалған-дай күй кешетін дәрежеге жетті. Бұл жайт – қоғамның ақпараттанып, виртуалды қоғамға айналғанының бір көрінісі.
Интернет желісі қоғамды тек ақпараттандырушы ғана емес, виртуалдандырушы үлкен күшке айналды. Интернет желісі пайда болмай тұрғанда оффлайн жасалатын қызметтің басым бөлігі қазіргі кезде онлайн түрде жүзеге асатын болды. Мысалға келтіретін болсақ, білім беру саласы интернет желісі арқылы қашық-тықтан беріле бастады. Сауда-саттық та интернет дүкендер арқылы жасалатын болды. Ақша аударымдары интернет желісі пайда болғаннан бастап желі арқылы жасалады. Осы сияқты адамның өмір сүру қажет-тіліктерін қанағаттандыратын талаптардың басым бөлігі бүгін виртуалданып кетті.
Веб-сайттар кез-келген діни ұйымның айнасына айналып үлгерді. Ақпараттық қоғамда арнайы веб-сайты болмаған ұйым мекенжайы немесе белгілі бір тұрағы жоқ ұйым іспетті. Өйткені тұтынушылар кез-кел-ген ұйымды жеке веб-сайты арқылы таниды. Дінді насихаттайтын ұйымдарды да дін ұстанушылар немесе сол дінді қабылдағысы келген адам веб-сайты арқылы кеңірек қарастырады. Олай болса, діни ақпаратты веб-сайт арқылы техникалық және діни нормаға сәйкес ұсыну өте маңызды.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Загрузки

Опубликован

2020-12-10

Как цитировать

Нүсіпбаев, Е., Манабаев, Б., & Исахан, М. (2020). ДІНИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУЫ. «Вестник НАН РК», (6), 361–368. извлечено от http://89.250.84.46/bulletin-science/article/view/979