КЕНЕСАРЫ ХАННЫҢ ҰЛТ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ ӘРЕКЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ БІРҚАТАР МАТЕРИАЛДАР (1820-1840 жж.)

Авторы

  • Т.Ә. Әпендиев Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Алматы, Қазақстан
  • Е.Ж. Сатов Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Алматы, Қазақстан

Ключевые слова:

Кенесары Қасымұлы, ұлт-азаттық көтеріліс, реформа, империялық саясат, отаршылдық, революция, реформа.

Аннотация

Үш жүздің соңғы ханы Кенесары Қасымұлының тұлғалық қасиеті, басқару үлгісіндегі шеберлігі, соғыс тактикасын жүргізудегі тапқырлығы, саяси аренадағы көрегендігі мен дипломатиялық ұстанымы империялық кезеңнен бастап-ақ қалам тартқан кәсіби тарихшылардың, арнайы қазақ жеріне патша бұйрығымен келген мемлекеттік шенеуніктер және жергілікті жерлердің ақын-жазушыларының зерттеу нысанынан тыс қалмады. Кеңестік кезеңде кәсіби тарихшылардың бірі Ермұхан Бекмаханов бастаған ғалымдар тобы, тәуелсіз Қазақстан тарихшылары мен Хан Кененің тұлғалық қасиетіне бейжай қарамайтын ресейлік ғалымдар да бірқатар еңбектерін дара тұлғаға арнаған болатын. Шыңғыс тұқымынан шыққан Кене-сарының басты миссиясы – отарлық экспансияның шынжыры іспеттес ХІХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі реформаларды жойып, бұрынғы хандық билікті қалпына келтіру және үш жүздің басын қосып, азаттыққа қол жеткізу еді. Міне, мұндай батыл қимылды бастауға көптеген кедергіге қарамастан Кенесары хан жеке интуиция мен ел арасындағы жоғары беделін орынды пайдалануға тырысты. Орта Азия хандықтарымен күш біріктіре отырып, алып империяға қарсы шыққан оқиғалар жөнінде маңызды мәліметтер бұл мақаланың зерттеу нысанынан тыс қалмады.
Кенесары Сырдарияның төменгі ағысындағы қазақтарға қысым көрсеткен Қоқан хандығымен келіс-сөздерден бас тартып, Бұхар әмірімен достық қарым-қатынасты сақтап, оны кейде оқ-дәрімен, қарумен қамтамасыз еткендігі жөнінде ғалымдар еңбегінде құнды мағлұматтар кездеседі.
Сонымен қатар, авторлар аталмыш мақалада 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің алғы-шарттары мен тарихи оқиғаға түрткі болған жағдайларға да тоқталған. 1836 жылы бауыры Саржан сұлтан мен әкесі Қасымның қоқандықтардың қолынан қаза табуы Кенесарының шұғыл әрекетке көшуіне септігін тигізгендігі жөнінде тұжырым жасалды. Кенесары ханның Орынбор әкімшілігімен хат алмасу арқылы тығыз байланыс орнатқандығы және сол арқылы патша үкіметімен де мығым қарым-қатынас жасауға да тырыс-қандығы жөнінде жазылған.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Загрузки

Опубликован

2020-12-10

Как цитировать

Әпендиев, Т., & Сатов, Е. (2020). КЕНЕСАРЫ ХАННЫҢ ҰЛТ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ ӘРЕКЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ БІРҚАТАР МАТЕРИАЛДАР (1820-1840 жж.). «Вестник НАН РК», (6), 348–354. извлечено от http://89.250.84.46/bulletin-science/article/view/976