ӘБУЛ-ФИДАНЫҢ «ТАҚУИМ ӘЛ-БҰЛДАН» ЕҢБЕГІНДЕГІ ХОРЕЗМ ӨЛКЕСІНІҢ ТАРИХИ ГЕОГРАФИЯСЫ

Авторы

  • Ұ.Д. Жүзбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Б.Ш. Батырхан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Ключевые слова:

Хорезм, география, орта ғасыр, қала.

Аннотация

Мақаланың мақсаты − Хорезмнің тарихи географиясын зерттеу, сонымен қатар қоғам мен табиғаттың аймақтағы және ішінара іргелес аумақтардағы ықпалдастығын жан-жақты талдау. Мақалада Әбул-Фиданың «Тақуим әл-Бұлдан» шығармасында айтылған орта ғасырлардағы Хорезм аймағының тарихи және географиялық деректері қарастырылады. Деректер жазба дереккөздерден белгілі. Сонымен қатар, мақала археологиялық зерттеулердің материалдары мен Әбул-Фида дәуіріндегі басқа ғалымдардың еңбектерінен алынған мәліметтерге негізделген. Хорезм аймағы қалалары мен елдімекендерінің географиясы мен әлеуметтік сипаттамаларын кешенді зерттеу Орта Азияда отырықшы және көшпелі дәстүрлер тоғысында пайда болған жоғарғы өркениет пен оның қалалық мәдениетінің қазіргі мемлекеттердің қалыптасуына ықпалы туралы мәліметтерді растайды. Автор ортағасырлық зерттеушілердің жазба дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, қалалардың сәулетін, географиялық координаттарын, табиғаты мен климатын, өнер мен қолөнерді, ғылым мен білімді, халықтың ерекшеліктерін және т.б. сипаттайды. Зерттеуде Хорезмнің құрамына кірген мына негізгі қалалар қарастырылды: Куркандж, Джурджания, Кәс, Замахшар, Һазарасб, Дарған, Фарабр және басқалар. Сондай-ақ мақалада ортағасырлардағы Хорезмдегі су ресурстарын пайдалану әдістері және ирригациялық жүйенің дамуы секілді мәселелер талданған.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Загрузки

Опубликован

2020-10-14

Как цитировать

Жүзбаева, Ұ., & Батырхан, Б. . (2020). ӘБУЛ-ФИДАНЫҢ «ТАҚУИМ ӘЛ-БҰЛДАН» ЕҢБЕГІНДЕГІ ХОРЕЗМ ӨЛКЕСІНІҢ ТАРИХИ ГЕОГРАФИЯСЫ. «Вестник НАН РК», (5), 312–318. извлечено от http://89.250.84.46/bulletin-science/article/view/908