БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторы

  • А. С. Орынбекова
  • А. К. Аманова

Ключевые слова:

әлеуметтік педагог, кәсіби іс-әрекетке даярлық, бағдар, әлеуметтік педагогтың бағдарын қалыптастыру.

Аннотация

Қазіргі заманғы Қазақстандық қоғам дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі – кәсіби
педагогикалық кадрларды даярлау. Дәстүрлі түрде әлеуметтік педагогтарды дайындау студенттердің жеке
және әлеуметтік дамуына, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға, білім беру ұйымдарындағы
әлеуметтік саланы үйлестіруге, оқу процесіндегі өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге дайын
болуға бағытталған.
Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетіне оның жеке тұлғасы әсер етеді. Ал әлеуметтік әл-ауқат, әлеуметтік иммунитет және қазіргі Қазақстандық қоғам өмірінің тұрақтылығы көбінесе практикалық іс-әрекетке
даярлықтың қалай қалыптасатындығына байланысты болады.
Мақала авторы болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығының қалыптасуын
әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде қарастырады. Осы мақала аясында «болашақ әлеуметтік педагогтардың іс-әрекетіне даярлық» тұжырымдамасы нақтыланып, оның негізгі сипаттамалары қарастырылатын
болады. Зерттеу нәтижелері, теориялық тұжырымдар мен әлеуметтік педагогтардың кәсіби даярлығын қалыптастыру процесіндегі практикалық әзірлемелер әлеуметтік педагогика, психология, педагогика және
әлеуметтік жұмыс саласында қолданыла алады.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Загрузки

Опубликован

2021-04-15

Как цитировать

Orynbekova A. S., & Amanova A. K. (2021). БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. «Вестник НАН РК», (2), 307–312. извлечено от http://89.250.84.46/bulletin-science/article/view/352