САЛАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ: ШАРТТАРЫ МЕН ФАКТОРЛАРЫ

Авторы

  • Л. Бекенова
  • С. Велесько

Аннотация

Зерттеудiң мақсаты – бәсекеге қабiлеттiлiк факторлары мен шарттарын анықтау және
оларға ықпал ету тетiктерiн әзірлеу үшін жүйелеу. Зерттеу саланың бәсекеге қабiлеттiлiк факторларының
ерекшелiктерiн ғылыми танудың жүйелiк және диалектикалық тәсiлдерiн қолдануға негiзделген. Зерттеудің
ақпараттық базасын зерттеу тақырыбындағы монографиялық зерттеулер, кезеңдік баспа және электрондық
жарияланымдар құрайды. Мақалада бәсекеге қабiлеттiлiк мазмұнын зерттеудің ғылыми тәсiлдеріне талдау
жүргізілген. Саланың бәсекеге қабiлеттiлiк факторлары олардың сыныптамасы тұрғысынан қарастырылған.
Бәсекеге қабiлеттiлiктiң iшкi және сыртқы факторлары егжей-тегжейлi талданған. Саланың бәсекелiк артықшылықтарының жиынтығын сипаттайтын iшкi фактор детерминанттарының мазмұны ашылған. Қазақстан
нарығында бәсекелiк мiнез-құлықтың әмбебап сызбаларының болмау шарттарында сыртқы ортаны бағалаудың негізгі параметрлері көрсетілген. Одан басқа, саланың бәсекеге қабiлеттiлiгiнің iшкi ортасына талдау
жүргiзу ерекшелiгi анықталып, сыртқы ортаны бақылау деректерiмен өзара байланыстылығы негізделген.
Саланың бәсекелiк әлеуетiнің құрылымы әзірленген және негізделген. Саланың бәсекелiк әлеуетін жүйелiк
тәсіл тұрғысынан талдау нәтижесiнде оның басты ерекшелiгi анықталған. Мемлекеттiк және нарықтық
реттеу тетiктерінің арақатынасы бойынша қорытындылар жасалған. Одан басқа, ықпалдасу үдерістерiнiң
дамуы және бәсекелестiктiң күшею шарттарында отандық өндiрiс тиiмдiлiгiн жоғарылау және жаhанданудың
келеңсiз салдарының бейтараптандыру мақсатында шаралар ұсынылған.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Загрузки

Опубликован

2021-02-10

Как цитировать

Lidiya Bekenova, & Serge Velesco. (2021). САЛАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ: ШАРТТАРЫ МЕН ФАКТОРЛАРЫ. «Вестник НАН РК», (1), 123–130. извлечено от http://89.250.84.46/bulletin-science/article/view/339